САРЫАҒАШ: ЕКІ  АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕ  МЕДИЦИНАЛЫҚ  НЫСАН БОЙ КӨТЕРУДЕ

САРЫАҒАШ: ЕКІ  АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕ  МЕДИЦИНАЛЫҚ  НЫСАН БОЙ КӨТЕРУДЕ

Сарыағаш ауданында ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғау және медициналық қызметке қолжетімділікті арттыру мақсатында бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Осы бағытта аудан әкімі Арман Абдуллаев Жартытөбе және Көктерек ауылдық округтерінде бой көтеріп жатқан медициналық нысандардың құрылыс барысын қадағалады.

 

Аудан басшысы нысандардың сапалы әрі уақытылы салынуының маңыздылығын атап өтіп, мердігер ұйымдарға жұмысты жеделдету және құрылыс сапасына ерекше назар аудару жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, әрбір нысанның ауыл тұрғындары үшін әлеуметтік маңызы зор екенін жеткізді.

 

Қазіргі таңда Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Бостандық елді мекенінде медициналық нысанның негізгі құрылыс жұмыстары аяқталып, шатыр жабу кезеңі жүргізілуде. Ал, Көктерек ауылдық округіне қарасты Дархан елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пункттің қабырғаларын қалау жұмыстары жалғасуда.

 

Аталған жобалар толық аяқталғаннан кейін ауыл халқы алғашқы медициналық көмекті жергілікті жерде алып, заманауи стандарттарға сай қызметпен қамтылатын болады.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі