Түркістан облыстық мәслихатына «Рауан» ЖШС тарапынан жолданған сауалдарға қатысты талқылау өтті.
Талықлауға Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов төрағалық етті. Жиынға облыстық мәслихат депутаттары Алмас Салимов, Жәнібек Сүлейменов, Уалихан Рахиев, Динара Егамбердиева, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, Сарыағаш аудандық мәслихатының төрағасы Рысбек Асылбекұлы және тиісті мекеме өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде «Рауан» ЖШС тарапынан жолданған сауалдарға қатысты мәселелер қаралды.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аталған сауалдарға қатысты аудан аумағындағы ахуал мен атқарылып жатқан жұмыстар бойынша ақпарат берді. Сонымен қатар өз бағыттары бойынша Түркістан облысы бойынша Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы бөлім басшысының орынбасары Көпжан Сәдібек, Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов, Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментінің бөлім басшысы Жамбыл Сапарбеков, Сарыағаш аудандық полиция басқармасының бастығы Досжан Нұсқабеков, Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Шыңғыс Пірәлі аталған сауалдарға қатысты ақпарат берді.
Талқылау барысында айтылған мәселелер бойынша пікір алмасып, сұрақтарға жауап берілді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі