Сарыағаш ауданында халықты тұрақты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Осы мақсатта аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округі әкімдігі ғимаратында жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесу өткізді.
Жиын барысында өңірлік жұмыспен қамту картасында көзделген міндеттердің орындалу барысы қаралып, еңбек нарығындағы ахуал мен алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар талқыланды. Кездесуге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және «Мансап» орталығының, білім бөлімінің мамандары сонымен қатар, ауылдық округ әкімі қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік бағдарламалар аясында ұсынылатын қолдау тетіктері түсіндіріліп, жұмыс берушілердің ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Сонымен қатар өңірлік жұмыспен қамту картасында белгіленген индикаторларға қол жеткізу үшін бірлескен іс-қимылды күшейту мәселелері сөз болды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі