САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕҢ АУҚЫМДЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕҢ АУҚЫМДЫ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Сарыағаш ауданында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Аталған іс-шара Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында өтті.

Экологиялық акция табиғатты қорғау, су көздерінің тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев бастаған аудан басшылығы, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер мен белсенді жастар қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған жұмыстарға белсене атсалысты.

 

Акция барысында республикалық маңызы бар магистралды канал мен оның айналасы тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, арнайы техникалардың көмегімен «Рамадан» каналының арнасы қоқыстардан тазартылып, су өткізу қабілетін жақсартуға бағытталған жұмыстар атқарылды.

 

Жалпы аудан көлемінде 50 шақырым арық-атыздар мен 70 шақырым ирригациялық жүйелер тазартылды. Таңғы сағат 08:00-де басталған сенбілік аясында Сарыағаш қаласындағы Әйтеке би көшесі мен «Рамадан» каналының бойында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі