САРЫАҒАШ:  ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

САРЫАҒАШ:  ЖІБЕК ЖОЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАҢА ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Сарыағаш ауданында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында инфрақұрылымдық жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Осы бағытта Жібек жолы ауылдық округінде жаңа өрт сөндіру бекетінің құрылысы жүргізілуде.

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев құрылыс нысанына арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысып, құрылыс жұмыстарының жай-күйін саралады. Аудан басшысы нысанның сапалы әрі белгіленген мерзімде салынуының маңыздылығын атап өтіп, жауапты мердігер мекеме өкілдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

 

 

Қазіргі таңда нысан аумағында жер жұмыстары қолға алынған. Сонымен қатар құрылыс-монтаж жұмыстары кезең-кезеңімен жоспарға сәйкес жүргізіледі.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі