Сарыағаш ауданында халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру және еңбек нарығын дамыту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Осыған орай аудан әкімі Арман Абдуллаев Ақжар және Жібек жолы ауылдық округтерінде өңірлік жұмыспен қамту картасының орындалу барысын талқылау мақсатында жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтары иелерімен кездесу өткізді.
Жиынға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары, «Мансап» орталығының басшысы Ақмарал Әуезова, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Кездесу барысында өңірдегі жұмыспен қамту көрсеткіштері, жаңа жұмыс орындарын құру жоспары, азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту тетіктері және мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі мүмкіндіктер кеңінен талқыланды. Сонымен бірге жұмыс берушілерге өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында жүктелген міндеттемелерді сапалы әрі уақытылы орындаудың маңыздылығы айтылды.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев еңбек нарығын дамыту, тұрғындарды тұрақты табыс көздерімен қамтамасыз ету және кәсіпкерлік белсенділікті арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу – әрбір жұмыс берушінің ортақ міндеті екенін жеткізді.
Жалпы, ауданда халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі