САРЫАҒАШ:ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БЕКЕТТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ  ЖҮРГІЗІЛУДЕ

САРЫАҒАШ:ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БЕКЕТТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ  ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев  Жібек жолы ауылдық округінде салынып жатқан ветеринариялық бекеттердің құрылыс жұмыстарымен танысты. Аудан басшысы нысандарды аралау барысында құрылыс сапасына ерекше мән беріп, мердігер мекеме өкілдеріне жұмысты талапқа сай әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Қазіргі таңда аталған нысандардың қазаншұңқырын құю және кірпіш қалау жұмыстары толық аяқталған. Бүгінде құрылыс алаңдарында сыртқы қасбеттерді қаптау, ішкі әрлеу және сылақ жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, ауданға қарасты Құркелес және Дарбаза ауылдық округтерінде ветеринариялық бекеттердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі