Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округі әкімінің аппаратында өңірлік жұмыспен қамту картасының орындалуы бойынша жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтары иелерімен кездесу өткізді.
Кездесуге аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары, «Мансап» орталығының басшысы Ақмарал Әуезова, Дарбаза ауылдық округінің әкімі Мұхит Доспулов және өңірдегі кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы саласының өкілдері қатысты.
Жиын барысында аудандағы жұмыспен қамту көрсеткіштері, жаңадан құрылатын жұмыс орындарының жоспары, азаматтарды тұрақты еңбекке орналастыру және мемлекеттік бағдарламалар аясындағы мүмкіндіктер кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, жұмыс берушілердің өңірлік жұмыспен қамту картасында белгіленген міндеттемелерді сапалы орындауының маңыздылығы атап өтілді.
Аудан басшысы еңбек нарығындағы белсенділікті арттыру, тұрғындарды тұрақты табыс көздерімен қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін жеткізді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі