САРЫАҒАШ: ДАРБАЗА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

САРЫАҒАШ: ДАРБАЗА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округіне қарасты елді мекендерді табиғи газбен қамту бағытында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын пысықтады. Мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс қарқынын күшейтуді, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын қамтамасыз етуді және жобаны белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.
Қазіргі таңда, Дарбаза ауылдық округіне қарасты Тасқұдық, Құрысай және Сарысу елді мекендерінде табиғи газбен қамту мақсатында газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін жобаға сәйкес аталған округке қарасты Тасқұдық, Сарысу және Құрысай елді мекендері көгілдір отынмен қамтылады. Бүгінде, құрылыс жұмыстары 90%ға атқарылды. Аталған жобаның мердігері – «Ынтымақ-ОК» ЖШС-і. Тапсырыс беруші – ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі