Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев кезекті жеке қабылдау өткізіп, алдын ала кезектілік тәртібімен жазылған аудан тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Қоғамдық қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық дербес бөлімдердің басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысып, көтерілген мәселелердің шешу жолдарын жан-жақты қарастырды.
Қабылдау барысында тұрғындар жол инфрақұрылымы, жер қатынастары, әлеуметтік сала және өзге де жеке мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев әрбір азаматтың өтінішіне мұқият назар аударып, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің бірде-бірі назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Қабылдау нәтижесінде бірқатар мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, қалған өтініштер бақылауға алынды.
Айта кетейік, аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімі жүзеге асырады. Қабылдауға жазылу үшін
egov.kz порталы, e-Otinish бірыңғай платформасы арқылы немесе Сарыағаш ауданы әкімі аппаратына жазбаша өтініш беру арқылы өтініш қалдыруға болады. Қосымша ақпарат үшін байланыс телефоны: 8 (72537) 7-97-13.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі