САРЫАҒАШ: «ТУЫМЫЗ ТӨРІМІЗДЕ!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

САРЫАҒАШ: «ТУЫМЫЗ ТӨРІМІЗДЕ!» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Сарыағаш ауданында мемлекеттік рәміздерді кеңінен насихаттау, олардың қоғамдағы мәртебесін арттыру және жастардың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында «Туымыз төрімізде!» республикалық акциясы ұйымдастырылды.

Акция аясында Көктерек ауылдық округіндегі демалыс орындарында, «Алып» сауда қалашығында және көпқабатты тұрғын үйлерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ілінді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздерге деген құрметті нығайту, Мемлекеттік Тудың қадір-қасиеті мен мәртебесін дәріптеу, сондай-ақ жастар арасында патриоттық құндылықтарды кеңінен насихаттау.

Мемлекеттік Ту – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің нышаны, халқымыздың бірлігі мен тұтастығының белгісі. Көк байрағымыздың әрдайым биікте желбіреуі – елдік пен еркіндіктің, бейбітшілік пен тұрақтылықтың көрінісі.

Осындай тағылымды шаралар арқылы тұрғындардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметі артып, жас ұрпақтың бойында туған елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімі нығая түсуде.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі