САРЫАҒАШ: СПОРТ КЕШЕНІН САЛУ МӘСЕЛЕСІ ИНВЕСТОРЛАРМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

САРЫАҒАШ: СПОРТ КЕШЕНІН САЛУ МӘСЕЛЕСІ ИНВЕСТОРЛАРМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сарыағаш ауданында бұқаралық спортты дамыту және ауылдық жерлерде заманауи инфрақұрылымды қалыптастыру бағытында маңызды кездесу өтті. Аудан әкімі Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округінде спорт кешенін салу мәселесіне байланысты инвесторлармен жүздесті.

 

Кездесу барысында «ААА Акылбек» ЖШС өкілдері өздерінің жобалық ұсыныстарын таныстырып, болашақ спорт кешенінің құрылымдық жоспары мен жүзеге асыру тетіктері жөнінде жан-жақты ақпарат берді. Жоба ауыл жастарының спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасап, бұқаралық спортты дамытуға серпін беретін бастама ретінде қарастырылды.

 

Жиын қорытындысында тараптар жобаны әрі қарай пысықтап, ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі