САРЫАҒАШ: ЛЕЗДЕМЕЛІК МӘЖІЛІСТЕ  МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

САРЫАҒАШ: ЛЕЗДЕМЕЛІК МӘЖІЛІСТЕ  МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.

 

Күн тәртібінде ауданға қарасты  елді мекендерді  ауыз сумен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелер қаралды. Аталған мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Серік Қарақұлов және «Қазсушар» РМК «Оңтүстікауызсу» филиалы Сарыағаш ТСЖ бөлімшесінің аға инженері Тельман  Нургалиев баяндама жасады.

 

Жиында ауыз су нысандарының құрылысы,  тұрғындардың орталықтандырылған су жүйесіне қосылу көрсеткіші және инфрақұрылым саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.

 

Сонымен қатар, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысының орынбасары  Ғалым Едігеев  электронды еңбек шарттарын тіркеу, міндетті зейнетақы жарналарының уақытылы төленуі, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру және Д, Е санатындағы отбасылар санын азайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады.

 

Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктеп, тапсырмалардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

 

Сонымен қатар, жиында  ҚР Президентінің Жарлығымен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитін жоғары деңгейде ұйымдастыруға үлес қосқан азаматтарды өңір басшысы Арман Абдуллаев Мемлекет басшысының ыстық ықыласын жеткізіп, жауапты кезеңде елдік маңызы зор істі атқаруға белсене араласқан сала мамандарына алғысын білдірді.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі