Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев «Тұран-555» мектебінде ұйымдастырылған интеллектуалды ойындардың жеңімпаздарын марапаттады.
Сайыс барысында оқушылар түрлі деңгейдегі логикалық және танымдық тапсырмаларды орындап, өздерінің білімділігі мен зеректігін көрсетті. Жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар жеңімпаз атанып, арнайы марапаттарға ие болды.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев өз құттықтау сөзінде жас ұрпақтың сапалы білім алып, жан-жақты дамуы өңір болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтіп, оқушыларға сәттілік пен толағай табыс тіледі.
Айта кетсек, аталған іс-шара білім алушылардың танымдық қабілетін арттыруға, ой-өрісін кеңейтуге және білімге деген қызығушылығын дамытуға бағытталды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі