САРЫАҒАШ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС- ШАРА ӨТТІ

САРЫАҒАШ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС- ШАРА ӨТТІ

«1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай Сарыағаш қаласының орталық саябағында «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, аудан тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады.

 

Мерекелік іс-шараға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев қатысып, жас өрендерді мерекемен құттықтады. Өз сөзінде аудан басшысы балалардың бақытты балалық шағы мен сапалы білім алуы – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп, оларға жарқын болашақ пен толағай табыс тіледі.

 

Іс-шара барысында балалар ән айтып, би билеп, түрлі шығармашылық қойылымдарын ұсынып, өз өнерлерін көпшілік назарына паш етті. Сонымен қатар сурет салу байқауы өткізіліп, қатысушылардың шығармашылық ізденістері мен ерекше туындылары көрермендердің жоғары бағасына ие болды.

 

Мереке аясында қолөнер шеберлерінің бұйымдарынан жасақталған көрме ұйымдастырылып, ұлттық нақыштағы және заманауи үлгідегі туындылар көпшілік назарына ұсынылды.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі