
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Мәжіліс барысында аудан әкімі жаңадан тағайындалған Сарыағаш аудандық полиция басқармасының басшысы Досжан Нұсқабековті аудан активіне таныстырып, алдағы қызметіне табыс тіледі.
Күн тәртібінде аудандық газ техникалық инспекциясының атқарған жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған жоспары қаралды. Аталған мәселе бойынша аудандық газ техникалық инспекциясының басшысы Нұркен Сағманов баяндама жасады.
Сондай-ақ, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыс деңгейін төмендету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Оразбаев хабарлама жасады.
Бұдан бөлек, бюджеттің орындалуы мен орындаушылық тәртіп мәселелері бойынша тиісті сала басшыларының есептері тыңдалды.
Жиын барысында аудан әкімі Арман Абдуллаев жауапты сала жетекшілеріне нақты міндеттер жүктеп, атқарылатын жұмыстардың нәтижесі мен орындалу мерзіміне айрықша назар аудару қажеттігін атап өтті.
– Әр тапсырма нақты нәтижеге бағытталып, белгіленген мерзімде орындалуы тиіс. Жауапты басшылар жұмыстың сапасы мен уақытылы атқарылуын тұрақты бақылауда ұстауы қажет, – деді аудан басшысы.
Мәжіліс қорытындысында күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, олардың орындалуын қатаң бақылауда ұстау тапсырылды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі