САРЫАҒАШ: МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ МАЙТАЛМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

САРЫАҒАШ: МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ МАЙТАЛМАНДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ


«21 мамыр - мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне» орай аудандық мәдениет үйінде салтанатты іс-шара өтті.

Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Нұрполат Талипов, мәдениет саласының ардагерлері мен қызметкерлері, өнер ұжымдары және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Мерекелік іс-шара барысында ауданы әкімінің орынбасары мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап,мәдениет пен өнер саласының дамуына үлес қосып жүрген барлық қызметкерлерге ризашылықтарын білдіріп, шығармашылық жетістіктер тіледі.

Мәдениет және өнер саласының үздік қызметкерлері аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.

Мерекелік кеште ауданның өнерпаздары ән мен күйден шашу шашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі