АРЫАҒАШ:ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БЕКЕТТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

АРЫАҒАШ:ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БЕКЕТТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ


Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Құркелес және Дарбаза ауылдық округтерінде салынып жатқан ветеринариялық бекеттердің құрылыс жұмыстарымен танысты. Аудан басшысы нысандарды аралау барысында құрылыс сапасына ерекше мән беріп, мердігер мекеме өкілдеріне жұмысты талапқа сай әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Қазіргі таңда аталған нысандардың қазаншұңқырын құю және кірпіш қалау жұмыстары толық аяқталған. Бүгінде құрылыс алаңдарында сыртқы қасбеттерді қаптау, ішкі әрлеу және сылақ жұмыстары жүргізілуде.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі