Құрметті көлік жүргізушілері!

Құрметті көлік жүргізушілері!


2026 жылғы 17–25 мамыр аралығында Республика көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін арттыру.

Осыған байланысты, Сіздерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, белгіленген жылдамдық режимін бұзбауды, қауіпсіздік белдігін тағуды және көлік құралын масаң күйде басқармауды сұраймыз.

Жолдағы қауіпсіздік – баршамызға ортақ жауапкершілік!