Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы «Самал-3» шағын ауданын ауыз сумен қамту мақсатында жүзеге асырылып жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Жауапты сала басшылары мен мердігер мекеме өкілдеріне нақты тапсырмалар берілді.
Өңір басшысы құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзіміне ерекше назар аударып, барлық жұмыстардың жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес уақытылы әрі сапалы орындалуын қатаң тапсырды.
Жоба аясындағы құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Атап, айтқанда:бастапқыда ауыз су жүйесінің негізгі инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында әртүрлі диаметрдегі су құбырларын тарту жұмыстары қолға алынған. Қазіргі таңда бұл жұмыстардың шамамен 75 пайызы орындалды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі