Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Шеңгелді елді мекенінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиынға аудан прокуроры Мақсат Мошхалов, аудандық полиция басқармасының басшысы Досжан Нұсқабеков, Жылға ауылдық округінің әкімі Ғабит Бижанов, аудандық мәслихат депутаттары, ветеринария қызметінің басшысы Жұман Досболов және ауыл тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында елді мекен тұрғындарын алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі –мал ұрлығы фактілері кеңінен талқыланды..
Жиын барысында аудан әкімі Арман Абдуллаев құқық қорғау органдарының жұмысын жүйелеу қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты аудандық полиция басқармасының басшысына тұрғындармен тұрақты түрде кездесулер ұйымдастырып, профилактикалық жұмыстарды күшейту бойынша нақты жұмыс жоспарын әзірлеуді тапсырды.
Сонымен қатар, аудан басшысы Жылға ауылдық округінің әкіміне полиция қызметкерлерінің жұмысын жандандыруға және құқық қорғау органдарына қолдау көрсету мақсатында әкімдік ғимаратынан арнайы бөлме қарастыруды тапсырды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі