САРЫАҒАШ: КӨПҚАБАТТЫ ЖАТАҚХАНАҒА ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

САРЫАҒАШ: КӨПҚАБАТТЫ ЖАТАҚХАНАҒА ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы Шәмші гүлзары көшесінде орналасқан №3 көпқабатты жатақханаға жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Нысанды аралау барысында аудан басшысы жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше назар аударып, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Серік Қарақұлов тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды бақылауда ұстауды тапсырды.

Қазіргі таңда жатақхана ғимаратында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, ғимарат аумағында әктеу-сырлау жұмыстары атқарылып, ортақ пайдалану орындарын ретке келтіру жұмыстары жүзеге асырылуда. Жатақхананы теңгерімінде ұстаушы мекеме “Сарыағаш қызмет” коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі