Сарыағаш ауданында халықтың мәдени демалысын ұйымдастыру және тұрғындарға қолайлы инфрақұрылым қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осы орайда Сарыағаш қаласында заманауи талаптарға сай салынған “Kinoland Saryagash” кинотеатрының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Аталған мәдени нысанның ашылу салтанатына Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев қатысып, көпшілікке ақжарма тілегін арнап, жаңа ғимараттың лентасын қиды.
Кәсіпкерге алдағы жұмысына табыс пен сәттілік тілеп, өңірдің мәдени-рухани дамуына үлес қосып отырған кәсіпкерге алғыс білдірді. Аудан тұрғындары сапалы кинотуындыларды тамашалау үшін өзге өңірлерге бармай-ақ, туған жерінде заманауи үлгідегі кинотеатр қызметін пайдалана алатын игі бастама екенін атап өтті.
Жаңа кинотеатр аудан тұрғындарының мәдени демалысын тиімді ұйымдастыруға бағытталған маңызды жобалардың бірі саналады. “Kinoland Saryagash” кинотеатрында заманауи талаптарға сай жабдықталған 3 көрермен залы орналасқан. Әрбір зал 110 орынға арналған. Сонымен қатар, кинотеатр бір мезетте 340 адамға дейін қабылдай алады. Жобаны жүзеге асырған “Altyn Bagym Kinoland” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі