Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев тұрғындардың өтінішіне сәйкес Сарыағаш қаласындағы Мөлтек шағынауданы №27 көпқабатты тұрғын үйлерінің тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді. Кездесуге аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің маманы Нұрдәулет Рахимов , аудандық электр жүйелерінің бас инженері Сәкен Рахымжан және қала әкімі Айыпхан Ешанқұл, «Таза қала» КММ директоры Өткір, Жакипов қатысты.
Аудан басшысы көпқабатты тұрғын үйлердің аумағын аралап, санитарлық тазалық пен инфрақұрылым мәселелеріне байланысты нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, тұрғындар арасында сенбілік жұмыстарын тұрақты ұйымдастыру қажеттігі айтылып, кәсіпкерлік нысан иелеріне аумақ тазалығын сақтау жөнінде ескерту берілді.
Жиын соңында аудан әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, айтылған мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатынын жеткізді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі