САРЫАҒАШ: АРМАН АБДУЛЛАЕВ ИНВЕСТОРМЕН КЕЗДЕСТІ

САРЫАҒАШ: АРМАН АБДУЛЛАЕВ ИНВЕСТОРМЕН КЕЗДЕСТІ

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауларында еліміздің экономикасы сыртқы сауда мен инвестицияға әрдайым ашық екенін атап өтіп, инвестиция тарту жұмысын жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығын, бұл бағыт Үкіметтің негізгі басым міндеттерінің бірі екенін ерекше көрсеткен болатын.

Осы бағыттағы жұмыстар аясында бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудан аумағына инвестиция тарту мәселелері бойынша инвестормен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кәсіпкер Нұржан Омаров аудан аумағында күн электр станциясын салу және жылыжай шаруашылығына қажетті пластик өнімдерін қайта өңдеу зауытын іске қосу жөніндегі инвестициялық жобасын таныстырды.

Аудан әкімі ұсынылған инвестициялық бастамалардың өңір үшін маңыздылығын атап өтіп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ, жобаларды іске асыру барысын жүйелі түрде бақылап, орындалу мерзімі мен атқарылған жұмыстар бойынша тұрақты есеп беріп отыруды міндеттеді.

Айта кетсек, мұндай инвестициялық жобалардың жүзеге асуы аудан экономикасының дамуына серпін беріп, жергілікті бюджет кірісін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жұмыссыздық деңгейін төмендетуге және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі