Сарыағаш ауданында игі дәстүрге айналған «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы аясында тағылымы терең кезекті қайырымдылық іс-шара өтті.
Жастар ресурстық орталығының мамандары мен ерікті жастар Ұлы Отан соғысының 103 жастағы ардагері Ишқонов Эрмохон ақсақалдың шаңырағына арнайы барып, құрмет көрсетті. Іс-шара барысында жастар ардагердің үйіне тазалық жұмыстарын жүргізіп, ауласын ретке келтіруге көмектесті. Сонымен қатар, «Сұңқар мед» клиникасының білікті дәрігерлері ардагердің денсаулығын тексеріп, тиісті медициналық кеңестер берді.
Атамыздың өнегелі өмір жолы — бүгінгі ұрпақ үшін отансүйгіштік, табандылық пен қайсарлықтың жарқын үлгісі. Ардагердің ақ батасын алу — жас ұрпақ үшін үлкен мәртебе.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі