Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев «Өндірістік парк» аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан кәсіпкерлермен кездесіп жобаны сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтаудың маңыздылығына ерекше тоқталды.
Жалпы аумағы 6,5 гектарды құрайтын өндірістік аймақта кәсіпкерлік ғимараттардың құрылысы инвесторлар қаражаты есебінен жүзеге асырылуда. Бүгінгі күні бір кәсіпкерлік нысанның құрылысы толық аяқталып, пайдалануға дайын күйге жеткізілді. Сонымен қатар, тағы төрт нысан бойынша құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жалғасып жатыр.Инфрақұрылымды дамыту бағытында да жүйелі жұмыстар атқарылуда. Мердігер мекеме тарапынан электр, су және басқа да қажетті инженерлік желілерді тарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Айта кетсек, «Өндірістік парк» жобасы өңірдің инвестициялық әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, сондай-ақ шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді деп күтілуде.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі