Сарыағаш ауданындағы елді мекендерде ауыл шаруашылығы алқаптарын үйірлі шегірткеден қорғау мақсатында кешенді шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, аса қауіпті марокколық шегіртке түріне қарсы күрес жұмыстары жоспарлы әрі үздіксіз жүргізілуде.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев штаб мүшелерімен бірге Дарбаза және Құрысай елді мекендеріндегі атқарылып жатқан жұмыстардың барысын саралап, өңірдегі фитосанитарлық ахуалды жан-жақты талдады. Сонымен қатар, зиянкестерге қарсы қолданылатын химиялық препараттардың қоры, олардың жеткіліктілігі, сақталу жағдайы мен қолдану тәртібі де аудан басшысының бақылауында болды.
Өңір басшысы қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдіріп, тиісті сала мамандарына жүктелген міндеттерді жоғары жауапкершілікпен орындауды қатаң тапсырды. Сонымен қатар, зиянкестердің таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды дер кезінде әрі тиімді ұйымдастырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі