САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

 

 

Сарыағаш ауданындағы елді мекендерде ауыл шаруашылығы алқаптарын үйірлі шегірткеден қорғау мақсатында кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, аса қауіпті марокколық шегіртке түріне қарсы күрес шаралары үздіксіз әрі жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатыр.

 

Аудан әкімі Арман Абдуллаев штаб мүшелерімен бірге Дарбаза және Қарақалпақ елді мекендерінде жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Жұмыс сапары барысында фитосанитарлық жағдай жан-жақты талданып, жауапты мекемелердің атқарып жатқан іс-шаралары сараланды.

 

Өңір басшысы қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдіріп, тиісті сала мамандарына жүктелген міндеттерді жоғары жауапкершілікпен орындауды қатаң тапсырды. Сонымен қатар, зиянкестердің таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды дер кезінде әрі тиімді ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі