САРЫАҒАШ: ҚҰРЫЛЫС  НЫСАНДАРЫНЫҢ  ЖҰМЫСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

САРЫАҒАШ: ҚҰРЫЛЫС  НЫСАНДАРЫНЫҢ  ЖҰМЫСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

 

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласында салынып жатқан «Өндірістік парк» нысанының құрылыс барысымен танысты. Аудан басшысы кәсіпкерлермен кездесіп, жобаны сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау қажеттігін атап өтті.

 

Сонымен қатар,  аудан әкімі Қазығұрт ауданымен шектесетін аумақта орналасқан ауданның төлқұжатын жаңғырту жұмыстарын да көрді. Бүгінде, аталған нысанда іргетас құю жұмыстары жүзеге асырылуда. Өңір басшысы бекітілген кестеге сәйкес сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі