САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ЖАҢА НЫСАН ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ЖАҢА НЫСАН ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

 

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округіне қарасты Жонарық елді мекенінде салынып жатқан 200 орындық мәдениет үйі мен кітапхана ғимаратының құрылыс жұмыстарының жай-күйін бақылады. Аталған нысан елді мекен тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік-мәдени объект екенін атап өтіп, құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

 

Қазіргі таңда, құрылыс алаңында 16 жұмысшы мен 2 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Мердігер «ST-SERVICE KZ» тарапынан ішкі сылақ жұмыстары, фермаларды дәнекерлеу және орнату жұмыстары жүргізілуде. Ғимараттың ішкі электр желілері толық тартылып біткен, терезелер толық орнатылған. Нысанның тапсырыс берушісі – аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі