Отырыс барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоғары салалар бойынша құқықтық статистика мен әлеуметтік зерттеулер нәтижелері қаралып, денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары жөнінде аудандық орталық аурухана басшысы Б.Слановтың есебі тыңдалды. Жиын қорытындысы бойынша мекемелер қызметіндегі ішкі талдау жұмыстарын күшейту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізу бағытында нақты тапсырмалар берілді.