САРЫАҒАШ: АУЫЗ СУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

САРЫАҒАШ: АУЫЗ СУ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

 

 

Сарыағаш ауданына қарасты Құркелес, Көктерек және Тегісшіл ауылдық округтерінде магистральды ауыз су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Атқарылып жатқан жұмыстарды барысын  өңір басшысы Арман Абдуллаев саралады. Жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар беріп, жобаның белгіленген мерзімде әрі сапалы орындалуының маңыздылығына ерекше назар аударды.

 

Жоба жалпы 13 шақырымдық аумақты қамтиды. Қазіргі таңда диаметрі 450 мм болатын 2 500 метр ауыз су құбыры тартылған және жұмыстар Көктерек кенті мен Құркелес ауылдық округі аумағында жалғасуда. Аталған жобаның нәтижесінде Дархан, Нұрлы жол, Еңкес, Құлтума, Таскескен, Тегісшіл, Мәдениет, Жылысу, Жаңаталап, Береке елді мекендері, сондай-ақ Көктерек кенті сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі