САРЫАҒАШ: ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БОЙЫНША ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

САРЫАҒАШ: ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БОЙЫНША ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

 

Жылға ауылдық округі әкімінің аппаратында үйірлі шегірткелерге қарсы күрес мәселесіне арналған штаб отырысы өтті. Жиынға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының өкілдері, ауылдық округ әкімдері мен жауапты сала мамандары қатысты.

 

Жиынның  күн тәртібінде аудан аумағында биыл зиянды шегірткелерге қарсы атқарылған іс-шаралар талқыланып, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары қаралды. Сонымен қатар, күрес шараларын жүргізу барысында туындаған мәселелер мен кедергілер айтылып, оларды шешу жолдары ұсынылды.

 

Баяндамашылар фитосанитарлық ахуалға мониторинг жүргізу, химиялық өңдеу жұмыстарын уақтылы әрі сапалы орындау, сондай-ақ қауіпті аймақтарды нақтылау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді.

 

– Зиянды жәндіктерге қарсы күрес – ауыл шаруашылығы өнімдерінің сақталуы мен өнімділігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі. Сондықтан бұл жұмыстар жүйелі әрі үйлесімді түрде жүргізілуі қажет. Әрбір жауапты мекеме өз міндетіне мұқият қарап, белгіленген шаралардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етуі тиіс, – деді Арман Абдуллаев.

 

Штаб отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауға алынатыны атап өтілді.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі