САРЫАҒАШ: ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ – ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУДЫҢ НАҚТЫ МҮМКІНДІГІ!

САРЫАҒАШ: ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ – ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУДЫҢ НАҚТЫ МҮМКІНДІГІ!
 
Жоғары оқу орнын немесе колледж бітіріп, мамандығы бойынша тәжірибесі жоқ жастар үшін жұмыс табуға тамаша мүмкіндік – Жастар практикасы бағдарламасы жалғасуда.
Бұл бағдарламаға 35 жасқа дейінгі, оқу орнын бітіргеніне 5 жылдан аспаған жастар қатыса алады. Мақсаты – мамандық иелеріне алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға жағдай жасау, еңбек нарығына бейімдеу, әрі болашақта тұрақты жұмысқа орналасуға жол ашу.
Жастар практикасының ұзақтығы – 12 ай. Осы уақыт ішінде жас маман жұмыс орнында өзін жақсы жағынан көрсетсе, жұмыс беруші оны тұрақты қызметке қабылдауы мүмкін. Практика кезеңінде жас маманға арнайы тәлімгер тағайындалады, ол кәсіби бағыт-бағдар беріп, тәжірибе жинауға көмектеседі.
 
 
Бағдарламаға қатысу үшін Сарыағаш аудандық Мансап орталығына келіп, жұмыссыз ретінде тіркелу қажет. Қатысушы өзімен бірге жеке куәлігін және білімін растайтын құжаттарын ала келуі тиіс. Орталық мамандары жұмыс орындары, бағдарлама талаптары мен тәртібі туралы толық ақпарат береді. Сонымен қатар, жас маман тағылымдамадан өтетін мекемені өзі таңдауға да мүмкіндік алады.
 
 
Жалақы – бағдарлама шеңберінде ай сайын кемінде 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде төленеді. Бұл қаржы мемлекет тарапынан толықтай қамтамасыз етіледі.
 
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі