Сарыағаш ауданында бірқатар маңызды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Солардың бірі – Сарыағаш қаласында салынып жатқан жаңа буынды дамыту орталығы. Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев құрылыс алаңын аралап, мердігер мекеме өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында мердігерге жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтіп, сын-ескертпелер айтты. Сонымен қатар, анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде ретке келтіруді тапсырды.
Қазіргі таңда нысанның кірпіш қалау жұмыстары толық аяқталып, ферма орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, ғимараттың ішкі электр жүйелерін тарту жұмыстары да қатар атқарылуда. Аталған құрылыс жобасының тапсырыс берушісі – «Түркістан облысының құрылыс басқармасы».
Айта кетсек, балалар мен жасөспірімдердің жан-жақты дамуына бағытталған көпфункционалды нысан – Оқушылар сарайы бір мезгілде 600 адамды қабылдай алады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі