Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы алқаптарына қауіп төндіретін үйірлі шегірткеге қарсы күрес жұмыстары үздіксіз және жоспарлы түрде жүргізілуде.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев штаб мүшелерімен бірге Ақжар, Дербісек, Жібек жолы және Қызылжар ауылдық округтерінде марокколық шегіртке түріне қарсы атқарылып жатқан іс-шаралардың барысын бақылап қайтты.
Аралау барысында өңірдегі фитосанитарлық ахуал жан-жақты сараланып, жауапты мекемелердің жұмысы пысықталды. Аудан басшысы қазіргі жағдайға алаңдаушылық білдіріп, жауапты сала мамандарына жүктелген міндеттерге барынша жауапкершілікпен қарауды тапсырды.
Қазіргі таңда, арнайы техника мен мамандар жұмылдырылып, шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары белгіленген аумақтарда жүйелі түрде жүргізілуде.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі