САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА “ТАЗА ҚАЛА” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА “ТАЗА ҚАЛА” ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
 
 
Сарыағаш ауданына қарасты қала және ауылдық елді мекендерде халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында «Таза қала» экологиялық іс-шарасы ұйымдастырылды.
 
Аталған шараға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы, «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы Шермат Ибрагимов, сондай-ақ жастар,депутаттар мен мекеме қызметкерлері белсенді түрде атсалысты.
 
Іс-шара барысында елді мекендерде санитарлық тазалау жұмыстары жүргізіліп, аулалар мен қоғамдық орындар ретке келтірілді. Сонымен қатар көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылып, отырғызылған көшеттерді суғару жұмыстары жүргізіліп, жол жиектеріндегі шөптер шабылды.
 
Тазалық жұмыстарына арнайы техникалар жұмылдырылып, жиналған қоқыс арнайы белгіленген орындарға шығарылды.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі