Құрметті Сарыағаш ауданының тұрғындары!
Сарыағаш ауданына қарасты қала және елді мекендерде халықтың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру және санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында 2026 жылғы 11 сәуір күні сағат 10:00-ден бастап «Таза қала» экологиялық іс-шарасы ұйымдастырылады.
Аталған шара барысында аудан аумағындағы қала және елді мекендерде санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіліп, аулалар мен қоғамдық орындар абаттандырылады. Сонымен қатар, тұрғындардың белсенді қатысуымен көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылып, ағаш көшеттері отырғызылатын болады.
Осыған орай, барша аудан тұрғындарын тазалық акциясына белсенді қатысуға шақырамыз!
Тазалық – ортақ міндет!
Ауданымыздың көркеюіне бірге үлес қосайық!
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі