САРЫАҒАШ:ДЕРБІСЕК ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ

САРЫАҒАШ:ДЕРБІСЕК ЕЛДІ МЕКЕНІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУ
 
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дербісек ауылдық округіне қарасты Дербісек елді мекенінің тұрғындарымен кездесті. Жиынға ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Төрағасының міндетін уақытша атқарушы, Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Темірлан Абдықұлов, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі «Арал-Сырдария бассейндік» инспекциясы басшысының орынбасары Көпжан Сәдібек, аудан прокурорының орынбасары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі, Дербісек ауылдық округінің әкімі, сондай-ақ ауданның су шаруашылығы МКК, «Сарыағаш Тұрмыс» МКК және «Рауан» ЖШС өкілдері қатысты.
Жиын барысында ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі кеңінен талқыланды. Ауыл тұрғындары су жүйесіне қатысты талап-тілектерін жеткізді. Кездесуге қатысқан сала мамандары әрбір сауалға мұқият назар аударып, заңнама талаптарына сәйкес нақты түсіндірмелер берді. Аудан әкімі өз сөзінде аталған бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі