ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ АЛҒЫС ХАТТАРЫН ТАБЫСТАУ РӘСІМІ

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ АЛҒЫС ХАТТАРЫН ТАБЫСТАУ РӘСІМІ


Бүгін ауданымызда бірқатар азаматтарға Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаттары табысталды.

Аталған марапаттар Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын сапалы әзірлеуге, оны қабылдау жөніндегі жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыруға және өткізуге қосқан елеулі үлесі үшін берілді.

Алғыс хаттарды аудан әкімі Арман Абдуллаев пен аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы табыстады.

Іс-шара барысында ел үшін маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, жоғары азаматтық жауапкершілік танытқан азаматтарға ерекше құрмет көрсетілді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі