САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

 

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, талап-тілектерін тыңдады.  Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім және мемлекеттік мекеме басшылары, сондай-ақ қала әкімі аппараты  қатысты.

 

Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік мәселелер мен өзге де жеке сипаттағы өтініш-тілектерін жеткізді. Әрбір азаматтың мәселесі мұқият тыңдалып, заң аясында тиісті жауаптар берілді.Сонымен қатар, жауапты бөлім басшыларына және қала әкімі  аппаратына нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.

 

Айта кетсек, Сарыағаш ауданы әкімінің жеке қабылдауына жазылу аудан әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімі арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, egov.kz порталы мен e-Otinish бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы немесе әкімдікке тікелей келіп, жазбаша өтініш қалдыру арқылы тіркелуге болады. Қосымша ақпарат үшін: +7 (725 37) 7-97-13

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі