Сарыағаш ауданы аумағында жүзеге асырылып жатқан «Өндірістік парк» жобасы аясындағы нысандардың құрылыс барысын аудан әкімі Арман Абдуллаев пысықтады. Нысандардың құрылысын жеделдету және белгіленген мерзімде аяқтау бойынша нақты тапсырмалар берілді.Сондай-ақ, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жобаның іске асырылу барысын тұрақты бақылауда ұстап, орындалу кезеңдері бойынша жүйелі түрде баяндап отыру міндеттелді.
Жалпы аумағы 6,5 гектарды құрайтын өндірістік аймақта қазіргі таңда жерді тегістеу және іргетас құю жұмыстары жүргізілуде. Өндірістік нысандардың құрылысы инвесторлар есебінен жүзеге асырылуда. Бүгінде бірқатар кәсіпкерлер өз нысандарының құрылысын бастап, іргетасын құю жұмыстарын аяқтап, ғимараттарды тұрғызу кезеңіне өткен.
Айта кетсек, аталған өндірістік парк ауданның өндірістік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңір экономикасының дамуына оң әсерін тигізеді деп күтілуде.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі