Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев жеке кәсіпкер Қанат Байтасовты қабылдап, оның инвестициялық жобасымен танысты.
Кездесу барысында кәсіпкер спорт кешенін салу жобасын ұсынып, нысанның құрылыс ерекшеліктері мен жоспарланған қызмет бағыттары туралы баяндады. Жоба Көктерек ауылдық округі аумағында жүзеге асырылуы жоспарлануда.
Аудан әкімі жобаның әлеуметтік және экономикалық маңыздылығын атап өтіп, оны сапалы әрі белгіленген мерзімде іске асыруды қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі