САРЫАҒАШ: ӨНДІРІСТІК ПАРК НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ САРАЛАНДЫ

САРЫАҒАШ: ӨНДІРІСТІК ПАРК НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ САРАЛАНДЫ

 

 

Сарыағаш қаласының кіреберіс бөлігінде жүзеге асырылып жатқан «Өндірістік парк» жобасы аясындағы нысандардың құрылыс жұмыстарының барысын  аудан әкімі Арман Абдуллаев  саралап, кәсіпкерлермен кезекті рет кездесті.

 

Кездесу барысында аудан басшысы жоба кестесінде белгіленген мерзімнің жақындап қалғанын атап өтіп, құрылыс қарқынын шұғыл түрде күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жобаның жүзеге асырылуын тұрақты бақылауда ұстап, оның орындалу барысы туралы жүйелі түрде баяндап отыру міндеттелді.

 

Жалпы аумағы 6,5 гектарды құрайтын өндірістік аймақта қазіргі таңда іргетасын құю және жерді тегістеу жұмыстары жүргізілген. Өндірістік нысандардың құрылысы инвесторлар есебінен жүзеге асырылуда. Бүгінде бірқатар кәсіпкерлер өз өндірістік ғимараттарының құрылысын бастап, тиісті жұмыстарды жүргізуде.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі