
Сарыағаш қаласының аумағында «Таза қала» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан тазалық және абаттандыру жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес тұрақты түрде жүргізілуде.
Қазіргі таңда қалаға қарасты орталық көшелерде ағаштардың түптерін әктеу жұмыстары жүргізіліп, былтыр отырғызылған қоршау ағаштарын суару шаралары жүзеге асырылуда. Аталған жұмыстарға жалпы саны 25 жұмысшы мен 1 арнайы техника жұмылдырылған.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі