САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

 

 

Сарыағаш ауданында тұрғындардың мәселелері кезең-кезеңімен өз шешімін табуда. Өңір басшысы Арман Абдуллаев кезекті рет жеке қабылдау өткізіп, алдын ала жазылған кезектілік тәртібі бойынша ауданның 17 тұрғынын қабылдады.

 

Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысып, әрбір мәселені шешу жолдары жан-жақты қарастырылды.

 

Сонымен қатар, Арман Абдуллаев аудан әкімдігі аппаратының бірінші қабатына түсіп, азаматтың өтініштерін тыңдады. Қабылдау барысында тұрғындар жер, жол, сондай-ақ жеке және әлеуметтік мәселелер бойынша өз өтініштерін жеткізді.

 

Аудан басшысы тұрғындардың талап-тілектерін мұқият тыңдап, көтерілген әрбір мәселе назардан тыс қалмайтынын және олардың шешілуі өзінің бақылауында болатынын атап өтті. Кейбір мәселелер сол жерде шешімін тапса, енді бірқатары заң аясында қарастырылып, шешу жолдары талқыланды.

 

Айта кетсек, аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Сарыағаш ауданы әкімдігі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімі жүзеге асырады. Қабылдауға egov.kz порталы, «е-Өтініш» бірыңғай базасы арқылы немесе аудан әкімдігіне келіп, жазбаша өтініш қалдыру арқылы тіркелуге болады.Қосымша ақпарат үшін: +7 (72537) 7-97-13

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі