САРЫАҒАШ: ДАРБАЗА ОКРУГІНДЕ ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

САРЫАҒАШ: ДАРБАЗА ОКРУГІНДЕ ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫН ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

 

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округіне қарасты елді мекендерді табиғи газбен қамту бағытында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын пысықтады. Мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс қарқынын күшейтуді, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын қамтамасыз етуді және жобаны белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

 

Қазіргі таңда,  Дарбаза ауылдық округіне қарасты Тасқұдық ауылы елді мекенінде табиғи газбен қамту мақсатында газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін жобаға сәйкес аталған округке қарасты Тасқұдық, Сарысу  және Құрысай  елді мекендері көгілдір отынмен қамтылады. Аталған жобаның мердігері – «Ынтымақ-ОК» ЖШС-і.  Тапсырыс беруші – ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі