САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ СТАДИОНҒА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ОРТАЛЫҚ СТАДИОНҒА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
 
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласында орналасқан орталық стадионға жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын бақылады. Жауапты мердігер және жоба авторы,сонымен қатар тапсырыс беруші – Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдерімен кездесті.
 
Мердігерге бірқатар ескертулер айтылып, құрылыс жұмыстарына сапалы материалдарды пайдалану қажеттігі ескертілді. Ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ә. Ташпулатовқа бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.
-Тұрғындар игілігіне салынатын әрбір нысан сапалы және толық қызмет атқаруы тиіс. Ауданның келбетіне сай, сапалы әрі көрікті стадион болуы керек. Сол үшін стадионға орналастырылған жаңа жабдықтардың барлығы жоғары сапалы және жан-жақты қауіпсіздік шаралары сақталуы қажет, – деді аудан әкімі.
 
Сарыағаш аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебіне қарасты орталық стадионға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжат әзірленіп, жауапты мердігер “ВИБО-Строй” ЖШС тарапынан күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда әкімшілік ғимаратының жөндеу жұмыстары аяқталып, көрермендер отыратын аумақтың шатыры жабылған.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі