САРЫАҒАШ: ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

САРЫАҒАШ: ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті мәжілісі өтті. Комиссия отырысына аудандық терроризмге қарсы комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының, сонымен қатар  тиісті басқармалардың басшылары және қала, ауылдық округ әкімдері қатысты.

 

Жиын барысында деструктивті діни ағымдардың алдын алу, тұрғындар арасында діни сауаттылықты арттыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері қаралды.

 

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейту міндеті жүктелді.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі